Космос тұңғышы
Бұл бетте «Космос тұңғышы» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Аспанда тосын ай көрдім,
Анталап жұлдыз қараған.
Көрінбей бұрын қайда едің? –
Десе ме, бəлкім, бəрі оған.
Таңырқай ма екен олар да,
Телміре тігіп көздерін?
Түсіне ме екен адамға,
Түгендеп жүрген өздерін?
Сұраулар қозғап осындай,
Тартар ма көзін жер беті?
Аралап өткен тосын ай
Десер ме жердің перзенті?
Жыпырлап жатқан көк жүзін
Сырларын оның кім білген?
Арасын кезген жұлдыздың
Білмесек оны Юрийден?..
Ұйлықса жұлдыз біле алмай,
Зымырап ұшқан бұл кім? – деп.
Алдынан шығып күн мен ай
Қараған шығар күлімдеп.
Тыңдаған шығар олар да
Дыбысын адам үні деп...
Айтпасқа соны болар ма,
Космостың тұңғыш ұлы деп!
- Шаңлатбай Айдана
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі