Туған елдің аспаны
Бұл бетте «Туған елдің аспаны» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қуанышты тым маған
Туған елдің аспаны.
Тұңғыш қарап кім оған,
Дүние есігін ашпады?
Жарық күні сəулесін
Қайсымызға шашпады?
Қанша жұтсақ əуесін,
Қайсымызды жасқады?
Сол жарықпен сəби де
Таныды алғаш анасын.
Сен де солай, əрине,
Жөн таныған боларсың!..
Елімізді жалғады ол
Енді шырқау жұлдызға.
Онда сірə бар ма жол
Табылмайтын ұл, қызға!
Ашар түгел жасқа əлі
Болса да əлемде не сыры.
Туған елдің аспаны
Секілді оның есігі.
- Шаңлатбай Айдана
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі