Көкпар қызығы
Бұл бетте «Көкпар қызығы» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Басса Сүйін тақымға
Баурап алып серкені;
Жөнейді ырғып аты да,
Сағым ба екен жоқ теңі?
Қалың адам солай кеп
Төгіледі толқынша;
Сескенбейді соғар деп
Алдарында не тұрса.
Көкпар десе қазақтың
Кетеді ұстап қызбасы.
Түрлері жоқ қарайтын
Қияң қайсы, құз қайсы.
Шалқиды көз ұшында
Секілді бір жел-құйын.
Сөз бе солай ұшуға
Шаншылған тік, ылдиың!
Желше ұйтқыған шоғырға
Көз тігесің алыстан.
Сүйсінесің соларға
Тақымы атқа жабысқан.
Көкпарды ұзап əкеткен
Олар кімге қарасын.
Əр белеңнен қылт еткен
Қарасын тек шаласың...
- Шаңлатбай Айдана
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі