Тас тілі

Бұл бетте «Тас тілі» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қыруар тасты əкелген
Қопарып таудан тасқындар.
Секілді бірге төселген
Қашанғы алыс ғасырлар.
Қабат та қабат көп жылдар
Қалана берген тереңге.
Ақтарып түгел соңғылар
Жаратып жатыр соны елге.
Жағада самсап жайнаған
Көз салсаң жаңа қалаға,
Жарында сəуле ойнаған
Көресің өңкей самала.
Сəулеті қызық сан алуан
Қарайсың үйлер тасына:
Секілді қайта жаралған
Жаңа бір тастар ғасырға.
Өңірге ойған жазудай
Көрінер ылғи самсап ол.
Аймалап күн мен жарық ай,
Жеріңде мəңгі жасар ол!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері