Сүйікті аға Садық ақынға
Бұл бетте «Сүйікті аға Садық ақынға» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(Туысқан қарақалпақ ақыны Садық Нұрымбетовтың алпыс жасқа толған тойы күні Нөкіс қаласында оқылған.)
Садық аға! Тойыңызға тап келдік.
Жүзіңізді жырға толы шат көрдік.
Жаныңызға жасымас от тілеген
Туысқандық жылы сəлем ап келдік.
Егіз елге еркелеген шалымыз,
Сыйласуда сынған емес сағыңыз.
Сіз дегенде кең даладай көңілі,
Халқымыздың сəлемін қош алыңыз.
Өлеңіміз туысы бір аралас,
Қиюынан пенде саңылау таба алмас.
Тұлғасындай тұтас біткен екі елдің
Жырымыздан талай үлгі алар жас.
Сіздің Жайқұн біздің жəне Сыр кібі,
(Жайқұн – Əмудария. Кібі – секілді мағынасында.)
Еліміз де ортақ жазған жыр кібі.
Кенен кебі келбетіңіз аумаған
Көзімізге сонша жылы бір түрлі!
Толғауындай Жамбыл қарт пен Бердақтың
Сазыңыз да жанымызға бек жақын.
Жалынды жыр тұғырынан таймаңыз,
Шын жүректен тілегі сол қазақтың!
- Шаңлатбай Айдана
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі