Жүрек
Бұл бетте «Жүрек» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кеудеде тыныс от жүрек
Денеңді тынбай жылытқан.
Сақтаған сені осы тек
Өмірде ыстық, суықтан.
Жарастық десе ұмтылып,
Талпына құс боп ұшады;
Жамандық сезсе, бұлқынып,
Кеудеңді қатты қысады.
Ынтықса, ылғи асығып,
Алдырмас дамыл, ол шіркін, –
Тарынса, бойын жасырып,
Таптырмас сырын кей дүркін.
Түңілсе түрі тұнжырап,
Көрсетпес түбін жылымша;
Шырайы күндей жадырап,
Жарылқар сені жылынса,
Денеңнен қайрат кетсе де,
Суынып сөнбес ол сезім.
Сүйкімді кімге шертсең де,
Жүректен шыққан сол сөзің!
- Шаңлатбай Айдана
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі