Жырақтағы бір шырақ
Бұл бетте «Жырақтағы бір шырақ» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шекара іші бейтаныс
Бұлыңғыр түнде тұнжырап;
Жарысып жақын, кейде алыс
Тартады көзді бір шырақ.
Сұраймын ептеп шам жайын
Қасымда қанық досымнан.
Жерінің түйгем ыңғайын,
Көрінген елсіз осы маң.
Қарайды үнсіз ол-дағы
Қалтырай жанған шыраққа.
Жауабы кенет сондағы
Тиеді жылы құлаққа:
– Өрмегін тартты темір жол,
Өрнектеп осы өлкені.
Тиеле кенге келді қол,
Теңесек бұл бір ертегі...
Ағыта жігіт шертеді
Асыл деп түгел бұл өңір.
Елестеп көзге кетеді
Алдыңда қызық бір өмір.
Жылыстап Тоқа маңынан
Жылжыған сайын жыраққа,
Алыста əлі шалынған
Қарайсың əлгі шыраққа...
- Шаңлатбай Айдана
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі