Шығар ауызда

Бұл бетте «Шығар ауызда» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Шыңғысты сəрі бөктерлеп
Жөнелдім беттеп шығысқа;
Ілік қып айтар өкпем жоқ
Ағайын, жұрат, туысқа.
Апта емес, айлап жүзерлік
Тап келдім теңіз тұрмысқа;
Аңыз ғып айта жүрерлік
Бəрінен көрдім бір нұсқа.
Тауы да көзге тым қызық
Төгіле күнде қой өрген;
Түзі де түгел тұр жүзіп
Теңізге толқи көгерген.
Ұқсайды қилы төбелер
Қызылдап жиған астыққа;
Теңесең солай сен егер
Жағасың жəне бастыққа.
Толғана соған қарайды ол,
Толтырған жандай қапшыққа;
Жүрміз деп шертті талай ол
Басымыз тимей жастыққа...
Елпілдеп бірақ не керек,
Егін де пісер асықпа!
Жеткізе сонда теңер ек,
Жеріміз, шіркін, қашықта...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері