Жазушы жүрегі
Бұл бетте «Жазушы жүрегі» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(Аяулы аға Мұқтардың алпыс жасқа толуына арнаймын)
Əжімді тауын Орданың
Аралай, Мұқа, бірге астық;
Ашқандай заман томдарын
Алыспен қилы сырластық.
Шыңғыс пен Орда ортасы
Толқытты мені бек қатты:
Қатпары қалың əр тасы
Ғажайып сырлар сақтапты.
Жаюлы кітап – Жидебай,
Аңызға толы сол жазық;
Өтіпті сонда ұлы Абай,
Жарылқай жұртын, жыр жазып.
Соларды дастан еттіңіз,
Жүректен, Мұқа, сыр шертіп;
Тереңге талай кеттіңіз,
Тербете бізді, бірге ертіп.
Еңлік пен сездік Кебекті,
Еңсеткен түгел сол маңды;
Шолпылы, жібек желекті
Сүйсіне көрдік Тоғжанды.
Арқаның алыс төрінде
Аңсаған сол бір махаббат,
Шолпан боп ылғи көрінді
Көгімде менің əр сағат.
Жаныңыз сезіп тынысын,
Жалынмен жазған сол жүрек.
Шыңынан сонау Шыңғыстың
Сезілді маған ірірек!..
- Шаңлатбай Айдана
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі