Дамыл көрмей құз-қойнында

Бұл бетте «Дамыл көрмей құз-қойнында» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Дамыл көрмей құз-қойнында,
Шуылдайды мұз бұлақтар.
Күнде күлкі сол ойынға
Қызығады кəрі жақпар.
Аңтарыла қарайды кеп,
Кеудесіне үн жаңғырығып.
Қарағанмен, амалы жоқ
Тұрғаны тек мəңгі мүлгіп.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері