Юрий Левитанға

Бұл бетте «Юрий Левитанға» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

(Идеология қызметкерлерінің республикалық кеңесінде, еліміздің атақты дикторы Юрий Левитан қатынасқан мəжілісте оқылған.)

Халқымыз жаумен алысқан
Білеміз ауыр күндерін.
Жаңғыра сонда алыстан
Шалынды тынбай үндерің.
Шабылған, небір бүлінген
Қаланы қимай атадың.
Тұтана шыққан үніңнен
Қаһарын сездік Отанның.
Саңқылдап жеңіс күнінде
Лебізің жəне қуантты.
Пəрмені өктем үніңде
Тұр еді халық қуаты.
Жанына сонша дем берген
Жайыңды естен салар кім!
Жырындай бесікте үйренген
Жадында қалдың баламның.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері