Қайың күбі

Бұл бетте «Қайың күбі» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

«Қымызды баянауылдықтарша бапта»
Ел аңызы

Қайда келсем көрдім мен қайың күбі.
Қымызға арнап жасапты дəйім мұны.
Ішіндегі қымызы ерекше тым,
Ағаштығы демесең айырымы!
Қымыз – астың абзалы ұстай білсе;
Дəл бабында ыдысын ыстай білсе.
Бабын таппай, қымызды бұзатындар
Жарар еді күнде бір құспай жүрсе!
Қымыз кіді, күтімін сəл ұмытсаң,
Дəмі өзгеріп қымызға түсер нұқсан.
Пісуі мен байқарың ыдысы оның,
Бағу жолын байыптап анық ұқсаң.
Бап ұстайтын үйлерде қымыз асын,
Бұрқыраған исіне қызығасың.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері