Өмір жолы – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Өмір жолы» атты Сырбай Мәуленов жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 6567
Өмір, өмір, өмір жолы ирелең,
Күнделікті таусылмайды күйбелең.
Ерте шығып сол ирелең жолменен
Кеште шаршап ораламын үйге мен.
Жолдар жатыр жуған шаңын жас шайып,
Жолдар жатыр түсетіндей тас тайып.
Кейбір жолдар шыңырауға құласа,
Кейбір жолдар тік тартады қасқайып.
Кейбір жолдар шықпай қалар тасадан,
Секілді бір құлап қалған мас адам.
Жолдар, жолдар мінездері адамның,
Сол жолдарды адамдар ғой жасаған.
Кейбір жолдар алды-артына қарамай,
Балақ түріп жүгірген жас баладай.
Кейбір жолдың жиегінде бұдыр жоқ,
Кейбір жолды бүркейді жас қарағай.
Кейбір жолдар жігер-күші таусылған.
Қариядай бар арманын қаусырған.
Кейбір жолдар жас жігіттей атылып,
Жарыса кеп төмен түскен тау-шыңнан.
Шіркін жолдар, кәрі жолдар, жас жолдар,
Асфальт жолдар, қара жолдар, тас жолдар.
Адамдарды өр қияға бастандар,
Шіркін жолдар, кәрі жолдар, жас жолдар.
Шіркін жолдар, адамдардың іздері,
Жарқын жазы, күңгірт тартқан күздері,
Жібек жолдар, айдау жолдар байырғы,
Керуендердің өткен талай тізбегі.
Жолдар ұзақ, әркімнің өз жолы бар,
Жол үстінде талай жандар жолығар,
Біреу сені тосар алдан гүлі бар,
Біреу сені тосар алдан оғы бар.
Бірі жолды ұзартса егер іш тартып,
Екіншісі кетер түйіп қысқартып,
Адамдарға сенбейтін кей жандардан
Үй алдына ұя салған құс та артық.
Жолдар, жолдар жердің аяқ-қолы боп,
Жасай берсін, отамасын орып оқ.
Сапар шыққан әр адамның тілеймін,
Өз үйіне оралуын жолы боп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмір жолы өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Өмір жолы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмір жолы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өмір жолы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері