Тәкәппарсып, асқақтап
Бұл бетте «Тәкәппарсып, асқақтап» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тәкәппарсып, асқақтап,
Қайтіп, байғұс, бас бақпақ –
Талқыдағы тағдырдың
Тәлкегінен қашқақтап.
Ақын, түк те білмейсің –
Дертін көзге ілмейсің.
Сырты бар да, іші – жоқ,
Не жетісіп жүр дейсің?!
Кердің кебін киеді,
Кемсеңдейді иегі.
Сені ғана, оллаһи,
Сүйеді Ол, сүйеді.
Сүйеді жан-тәнімен,
Нұр тайғанша әрінен –
Сүйіп тұрып сүймеген
Болу қиын – бәрінен!
Ол – сүйеді,
Сүйеді...
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі