Сыр тартайын тарихтың беттерінен
Бұл бетте «Сыр тартайын тарихтың беттерінен» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сыр тартайын тарихтың беттерінен,
Түп тамырым нәр алған көкбөріден.
Нұқ пайғамбар кемесі тоқтап қалған,
Туған жерім Қазығұрт бөктерінен.
Ырыс-құтын себелер жауынымыз,
Қобыз күйін шертеді дауылымыз.
Қыдырлардың мекені Ғайып Ерен,
Қырық Шілтенмен бір қонған ауылымыз.
Үні дерсіз мұны сіз көне күйдің,
Әрбір тасын сыр тарта бөле сүйдім.
Даналығын сіңірген ұрпақтары,
Жайлауына қонғанбыз Төле бидің.
Несібесін еметін жер төсінен,
Дархан дария пейілі көл-көсір ел.
Хандары мен батыры байыз тапқан,
Түркістанның өнгенбіз өлкесінен.
Алтын бесік киелі шаңырағым,
Желдей желер төсіңде арғымағың.
Қыраныңмын көгіңде қалықтаған,
Байтақ далам садаға саған жаным.
Алмас күннен нәр алып ер жетіп ем,
Жер анашым мен сенің перзентің ем,
Дөңгеленген тынымсыз жұмыр жерді,
Жүрегімдей кеудемде тербетіп ем.
Жер анашым! мен сенің перзентің ем!
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі