Жазира жасыл белеңім

Бұл бетте «Жазира жасыл белеңім» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жазира жасыл белеңім,
Көзіндей едің көненің,
Шап-шағын жұмақ ауылым,
Сезімге талай бөледің.
Жұпарын жұтып тауымның,
Шалшығын кешіп жауынның.
Қуанушы едім масайрап,
Алғысын алсам қауымның.
Арманға балап асқарды,
Үмітпен қадам басқамды.
Кіршіксіз жаным елжіреп,
Көзімнен ыстық жас тамды.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері