Құлыншақ едім есірген

Бұл бетте «Құлыншақ едім есірген» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Құлыншақ едім есірген,
Аялап анам өсірген.
Қызғалдақ терген төсіңнен,
Кетпейді күндер есімнен.
Келіссең мейлің, келіспе,
Беріспе досым беріспе.
Өрімдер өңкей жиналып,
Бағамыз қозы өрісте.
Бұрқылдап майлы топырақ,
Шу, күлкі, думан атырап.
Ойынға қойып кетеміз,
Шетінен өңшең батыр-ақ.
Түсеміз жеміс бауына,
Қаламыз бағбан дауына.
Айналушы едік бір сәтте,
Қорыған жердің жауына.
Әр үйде жетеу,сегізден,
Батырдан ана неңіз кем.
Үлкені жатса үйленіп,
Кенжесін әлі емізген.
Керімсал байтақ жазығым,
Әуелеп ұшар наз үнің.
Қазақтың - алтын бесігі,
Ауылым Темірқазығым.
Жол түссе, оны қамдар ем,
Қасиетіңді ауылым аңдар ем.
Жатсынып өзге мекенді,
Өткізем сенсіз таңды әрең.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері