Көлеңкемдей қалмай қойды қалқам, мұң
Бұл бетте «Көлеңкемдей қалмай қойды қалқам, мұң» атты Дәркен Танабаев жазған мұң туралы өлең берілген.
Көлеңкемдей қалмай қойды қалқам, мұң,
Күйбең күнін көтере алмай ортаның.
Армандаған биігіме аңсаған,
Жете алмай қалам ба деп қорқамын.
Майлы беті секілденген сорпаның,
Біле білсең маңдайымда сор қалың.
Көңіліме түскен әрбір сызаттан,
Мейірімсіз боп кетем бе деп қорқамын.
Жігіт болып жасаймын деп жол қамын,
Бөрілердей күндіз-түні жортамын.
Арсыздардан қайтарам деп кегімді,
Ұятсыз боп кетем бе деп қорқамын.
Қайтсін олар туған жердің сортаңын,
Мұңын қайтсін, күйін қайтсін ортаның.
Қара бастың қамын ойлап үндемей,
Өзімшіл боп кетем бе деп қорқамын.
Сырымды айтып отырмын мен ортағым,
Мен емеспін қоян жүрек қорқағың.
Жақсылыққа жаным жақын тұрушы ед,
Жаман болып кетем бе деп қорқамын.
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі