Өткен күндер оралмайды қарасам
Бұл бетте «Өткен күндер оралмайды қарасам» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өткен күндер оралмайды қарасам,
Бүршік атып гүлге оранды дала сан,
Алтын тұсау аяғыма салғалы,
Тоғыз көктем жүзі өтіпті қарасаң.
Өткен күндер оралмайды қарасам,
Таңмен тұрып сыбағама таласам.
Жөнсіз жанмен ат құйрығын кесем де,
Жанталасып жайсаңдармен жарасам.
Өткен күндер оралмайды қарасам,
Деп жүргенде арманыма жол ашам.
Діңкелеткен күйбең тірлік жанымды,
Қырау шалған ақ шашымды санасаң.
Өткен күндер оралмайды қарасам,
Қимайтұғын сәттер өтті орасан.
Құлын-тайдай ойнап өскен алаңсыз,
Бал күндерің келмес енді қаласаң.
Өткен күндер оралмайды қарасам,
Тағдыр сызған әжімдерді жаза алсаң.
Шымқала да танымастай өзгерген,
Беу, шіркін-ай! жастық шаққа оралсаң.
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі