Сағым қуған сан қиялға беріліп
Бұл бетте «Сағым қуған сан қиялға беріліп» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сағым қуған сан қиялға беріліп,
Мақсатыма жетелейді өр үміт.
Қайдан болсын қырқасында қырықтың,
Жиырма бесте жасалмаған серілік.
Шортандардай сүзген көлдің шабағын,
Азын аулақ ұқтым өмір сабағын.
Қызықтырған емес той мен шарабың,
Күйім келмей ашылмай жүр қабағым.
Қақпан құрған ала аяққа алданып,
Достың атын жүр біреулер малданып.
Шүкір деймін несібеме бұйырған,
Құл базарда жүрер ме едім жалданып.
Тірлік деген таусылмайтын шер тегі.
Көтермейді селтеңдеген еркені.
Жүрегімді шымырлатып сыздатар,
Көшті жалғар ұрпағымның ертеңі.
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі