Қарқылдайсың қайғырып қара қарға
Бұл бетте «Қарқылдайсың қайғырып қара қарға» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қарқылдайсың қайғырып қара қарға,
Ермек болып еріккен балаларға.
Құты қашқан ызғарлы күрең күзде,
Ұяң бар ма суықтан паналарға.
Тұмсығыңды шошайтып шүйіріп ең,
Атқан тасы тиген бе бүйіріңнен.
Шарбағымды алыпсың мекен етіп,
Қалыпсың-ау қаптаған үйіріңнен.
Озбыр ұлдың ойраны зарлатама,
Қарқылдайсың қарғысың сорлатама.
Жақындасам «қарқ» етіп үрікпейсің,
Әлде ұқсатып тұрмысың арғы атама.
Қарғаларда өзіне бұра ма екен?
Бәрімізге ортақ деп мына мекен.
Тілің болса айтар ең «көргенсіз» деп,
«Бабасымен жастыны ұра ма екен.»
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі