Шыдашы ұлым, мықты бол бәрі де өтер
Бұл бетте «Шыдашы ұлым, мықты бол бәрі де өтер» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шыдашы ұлым, мықты бол бәрі де өтер,
Жабысқан дертің әлі-ақ жазылып кетер.
Құдай-ау! енді қайтемін неғылсам екен,
Қиналып жатыр төсекте кішкене бөпем.
Көтерсем сені күш алып талмайтын иық,
Ойнар деп бір сәт жіберсем қалыпсың күйіп.
Жаныма батып барады болмады мұным,
Күйініп жүрмін дәрменсіз кешірші ұлым.
Жылайды анаң, апаң да жазғырып өзін,
Айтады атаң іштегі ең асыл сөзін.
Тез өтсе дейміз құдайдан жалынып сұрап,
Жылжымай қойды қырсығып уақыт бірақ.
Дәрігер аға!Алдыңа келдік қабылда бізді,
Көңілі жомарт жайдарлы, жүрегі ізгі.
Қарашы ұлым, мұндағы Қазыбек көкең,
Еккені шипа, қолы ем құрдасым екен.
Бұл дерттің түрі біздерге бұрыннан қанық,
Емдейміз деді диагнозы белгілі анық.
Қарғамды менің тастапты дәкемен таңып.
Қиналған сайын барамын күйіктен жанып.
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі