Қазығұртым
Бұл бетте «Қазығұртым» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қазығұртым қара нардың қос өркеші секілді,
Қазығұртым жер анамның қос кеудесі секілді.
Қазығұртым тарихымның ұмыт қалған елесі,
Қазығұртым пайғамбардың тұрып қалған кемесі.
Бұл Қазығұрт табиғаттың бізге берген тартуы,
Қазығұртым қазағымның ырысының артуы.
Қазығұртым тербетілген ел-жұртымның бесігі,
Қазығұртым келіп кетер екі дүние есігі.
Қазығұртым домбырамның күмбірлеген пернесі,
Ей, бай болғыр! Қазығұртты тек жаралай көрмеші!
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі