Анашыма мың алғыс
Бұл бетте «Анашыма мың алғыс» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Өзегіне өрт толып.
Тал бесігін тербеткен,
Анашыма мың алғыс.
Ет жүрегің елжіреп,
Қара көзің мөлдіреп.
Арманына балаған,
Анашыма мың алғыс.
Балам тойып жүрсін деп,
Қайғы мұңсыз күлсін деп.
Саялаған қауіптен,
Анашыма мың алғыс.
Жанға медет жұбаныш,
Сен жүрген жер қуаныш.
Сенсіз жұмақ тым алыс,
Анашыма мың алғыс!
Анашыма мың алғыс!
* * *
Шашырап шуақ көзіңнен,
Сезімтал жаның сыздаған.
Аналық асыл сезімнен,
Жаралған мынау қыз ғалам.
Таласып атқан таңменен,
Майданға қызу кіресің.
Тіл тауып қанша жанменен,
Күлімдеп қана жүресің.
Ошақтың кіріп отымен,
Күлімен қайта шығасың.
Сәл ғана мұңға батып ем,
Айтқызбай жанды ұғасың.
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі