Өтер де кетер фәнидің күні қас-қағым
Бұл бетте «Өтер де кетер фәнидің күні қас-қағым» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өтер де кетер фәнидің күні қас-қағым,
Бұйрығы жүрмес тәңірден әсте басқаның.
Мазасыз ойлар еріксіз билеп санамды,
Толқындай теуіп бетіме шығар жас қаным.
Болады кей сәт арнамнан асып тасқаным,
Көңілдің кілтін таба алмай кей сәт сасқаным.
Бармақтай бақ пен батпандай сордың арасын,
Ажырата білер,үрлеп ішетін жастамын.
Жазылып жатыр өмірлік ғұмыр дастаным.
Бақытын құшып, қайғысын жұтып жатқаным,
Мамыражай далам, көгілдір тұнық аспаным.
Баянсыз жалған ізіндей тағдыр таспаның.
- Салтанат Айдарбекова
- Салтанат Айдарбекова
- Салтанат Айдарбекова
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі