Қызыл жар
Бұл бетте «Қызыл жар» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қызылжар сауық толы қыр жырағы,
Балауса сәби күннің сән бұлағы.
Өзіңде өткен қызық бал күндерім,
Еске алсам көңіліме жыр тұнады.
Көктемде төсің кілем гүл құрағы,
Жүрегім өзіңді іздеп бұлқынады.
Алаңсыз ойын қуған балалығым,
Жігіт болып шықсам деп жұлқынады.
Күндерді күн артынан қуатындай,
Азамат жігіт болсам қыратындай.
Несіне есеюге асықтым мен,
Төсіңде бала болып жүре тұрмай.
Несіне, несіне мен өкінемін,
Кіршіксіз балаң менің көкірегім.
Ұмытпа ойын құмар тентегіңді,
Әлі де лағың боп секіремін.
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі