Дос сыры
Бұл бетте «Дос сыры» атты Дәркен Танабаев жазған достық туралы өлең берілген.
Көк бақырын бұлдаған,
Заманым бар құлдаған.
Бармақ тістеп өкіндім,
Тал қажау қып далада
Жүре бермей жан аға,
Жол жүруге бекіндім.
Соқыр тиын іздеген,
Күні құрсын арықтың.
Шыдатпайды екпіні,
Әб жыландай нарықтың.
Күдікпен ел қарайды,
Қиындықтан жасыман.
Адам болсам жарайды,
Өз қотырын қасыған.
Салса тағдыр табаға,
Үйде қалай қаларсың.
Досым біздің үйге де,
Көз қырыңды саларсың.
Қалқам менің қамықпа,
Тек күтуден жалықпа.
Қорғау үшін арымды,
Болмау үшін масқара
Салам енді барымды.
Жұмыста көп қалада,
Жұрттың көбі көлікте.
Алаң болма жан ана,
Жан емеспін желікпе.
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі