Көңіл құсы

Бұл бетте «Көңіл құсы» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көңіл құсым көкжиекке көтеріп,
Арманымды жұлдыздарға жалғайды.
Жан дүниеңнен сезім алау от өріп,
Жанарыңнан жуылады бар қайғы.
Арман қыздай қол бұлғаса алыстан,
Сиқыр сезім жарылуға шақ қалар.
Өмір сырын ұқтырса қарт данышпан,
Сәби көңіл ақ жүрегін ақтарар.
Махаббаттың мекеніне шақырып,
Арман аққу айдынына ап барар.
Қам көңілді шаттық күйге батырып,
Аласұрған асау жүрек бақ табар.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері