Сорлатама енді мені құдайым

Бұл бетте «Сорлатама енді мені құдайым» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сорлатама енді мені құдайым,
Хақ тағала не қылса да шыдайын.
Жақсы жанның нәзік жанын жаншымай,
Жақсылықпен тынса екен лайым.
Басқа салар іс пе еді бұл деген,
Сорлы басым сыр бөліскем кімменен.
Дос боп кіріп құшағыңа жылынып,
Әб жылан боп шағарын шын білмегем.
Білдім, білдім біле тұра безбедім,
Сайтан қылық, сайқы мазақ сөздерін.
Түлкідейін жеп болған соң жемтігін,
Мүләйімсіп телміретін көздерін.
Көре тұра сұмдығыңды көрмедім,
Енді сенің бола алмаспын ермегің.
Сен тоқыдың өрмекшінің өрмегін,
Күйін кештім торға түскен пенденің.
Бірге жүріп талай жандар шоқ басқан,
Бірі жылап, бірі күйіп тоқтасқан.
Жамандықтың жерге сепкен дәніндей,
Өзің тектес адамдар бар топтасқан.
Жетер енді тайраңдадың малданып,
Кегін алам жүргендердің алданып.
Жолығарсың көзіңнен от шығарам,
Ар үкімі орындалар қалды анық.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері