Бұл қалай?

Бұл бетте «Бұл қалай?» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бұл қалай?
Әлде солай болғаны ма?
Мән бермей неге қалдық ол жағына.
Бұл елдің сатылмаған несі қалды,
Телміріп отыр халық қолдағыға.
Инвестор дегеніңе таңырқағам,
Бірі жоқ қарық қылып жарылқаған.
Қарға мен ала қанат қаптап жатыр,
Тоқтат деп ел басына дабыл қағам.
Болғанда Қазақстан атамекен,
Өзгенің басынғаны батады екен.
Бабалар жанын беріп қорғап келген,
Мекенін қасиетті сата ма екен.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері