Қалбүбі әпкеме көңіл айту
Бұл бетте «Қалбүбі әпкеме көңіл айту» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
\Ұлы Балғабайдың қазасына.\
Асыл әпке,
Арысыңды,
Қара жерге бөледің.
Аялаған
Ақ сүтіңнің,
Кім өтейді төлемін.
Жанға демеу,
Дертке дауа,
Бола алмайды өлеңім.
«Шыққыр жаным
Керек болса,
Алшы құдай беремін.
Үш ботамды
Алдыма сап,
Қарғаға ұқсап келемін»
Дейсің ана
Білгеннен соң,
Келмейтінін өренің.
«Жоқ дегенге
Бұл жалғанда
Неге жаным шыдадың»
Не жаздым деп,
Бұл тағдырға,
Күйінгеннен сұрадың.
Кәрі кеудең
Қарс айырлып,
Солғын жүрек жыладың.
Көздің жасын
Көл қылсаңда,
Асыл әпке шыдағын.
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі