Көзімді жасқа малып текке міне
Бұл бетте «Көзімді жасқа малып текке міне» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көзімді жасқа малып текке міне,
Отырар көз жібердім өткеніңе.
Бір кезде қала едің қайнап тұрған,
Іргеңді жауың ойран етпеді ме.
Күмбездер көкті тіреп көмкерілген,
Гүлденген елестеттім өлкені мен.
Дауылда айырылған желкенінен,
Кемедей жатсың теріс төңкерілген.
Шаңдатып топырақты желің айдап,
Барады бала құйын салып ойнақ.
Есінен шағарғандай қабіріңе,
Бас ұрып жылағанын елім-айлап,
Қираған сынық қыштар жерде құрақ,
Мен тұрмын келбетіңді желден сұрап.
Қолымнан келмейді шын, келсе егер,
Алар ем болмысыңды белден құрап.
Бейнеңді тұрмын Отырар желден сұрап.
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі