Күлім қаққан жанарыңнан

Бұл бетте «Күлім қаққан жанарыңнан» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Күлім қаққан жанарыңнан,
Күн көрінер білесің бе?
Айдай сұлу ажарыңнан,
Ай көрінер білесің бе?
Айдын көлдің аққуындай,
Сырғып қана жүресіңде.
Періштедей пәк көңілмен,
Жанды баурап күлесіңде.
Қалдырдың да кете бардың,
Сезім атты күресінге.
Қуанышым күл болды да,
Қайғы қалды үлесімде.
Соны қалқам білесің бе?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері