Қошақан гүл

Бұл бетте «Қошақан гүл» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Толғандырмас сезім кімді,
Әр гүліңді етем мақтан.
Қошақан гүл есіміңді,
Дана халқым тауып айтқан.
Жанарыңды жасырасың,
Әлдекімнен қорыққандай.
Қоштасуға асығасың,
Махаббаттан торыққандай.
Жаратқанға табыстаған,
Тағдырыңа секем қарап.
Өмір үшін алыспаған,
Нәзік қызға жүрем балап.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері