Қазығұрт жайдақ төсіңе
Бұл бетте «Қазығұрт жайдақ төсіңе» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қазығұрт жайдақ төсіңе,
Жапқанда көктем көрпесін.
Жоталар түсер есіме,
Түйенің салған өркешін.
Көбелекке ұқсап көлбеңдеп,
Гүл біткен жағып жаныма.
Етек жеңдерім елбеңдеп,
Қона кетуші ем маңына.
Таразы көзім телміріп,
Ер жеттім ару іздедім.
Қыздарды теңеп гүлдерге,
Теңедім бірақ үзбедім.
Тапсам деп әркез тағатсыз,
Қыс тонап алды, күз демін.
Қалсам да тоңып қанатсыз,
Жүрегімдегіні іздедім.
Жұлдыздай көкте ақтым да,
Шарладым жерге сыймадым.
Аққуымды әрең таптым да,
Раушан гүлін сыйладым.
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі