Көңілдің құсын кесе өткен
Бұл бетте «Көңілдің құсын кесе өткен» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көңілдің құсын кесе өткен,
Байый ма пенде есептен.
Жарытпас жанды жалқаулық,
Жібермес жылы төсектен.
Терменен келсе жаныңдай,
Еңбектің ыстық нанындай.
Қанағат етсең тапқанды,
Телміріп жұртқа жалынбай.
Жиылар дәулет кәсіппен,
Болатын бала бесіктен.
Бейнеттің ащы теріндей,
Келеді ырыс несіппен.
Нақылдай бұл да көнерген,
Еңбектен бақыт көгерген.
Қолы алтын ісмер шебердің,
Жұлдызы жанар өнермен.
Ақылды қылмас қамсыздық,
Жанына батар малсыздық.
Меңдесе жанды жалқаулық,
Түседі жолға арсыздық.
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі