Жаңбыр жауып басылмады

Бұл бетте «Жаңбыр жауып басылмады» атты Дәркен Танабаев жазған табиғат туралы өлең берілген.

Жаңбыр жауып басылмады,
Сен де күліп қарамадың.
Ақ жауынға малындым да,
Бақты жалғыз араладым.
Мөлдіреген жанарыңнан,
Нәр алып мен келіп ем.
Күлім қаққан қабағыңнан,
Бақытымды көріп ем.
Сыңғыр күлкің қымбат маған,
Оны қазір мұң қаптаған.
Не сыр барын ұға алмадым,
Жүрегіңді тыңдат маған.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері