Тау суындай мөлдіреген

Бұл бетте «Тау суындай мөлдіреген» атты Дәркен Танабаев жазған табиғат туралы өлең берілген.

Тау суындай мөлдіреген,
Жүрегіміз біздің ақ.
Рахатқа бөлеуші еді,
Екеумізді күзгі бақ.
Сары алтыннан шашу шашып,
Үзілетін жапырақ.
Жұлдыз біткен жымыңдайтын,
Көктен бізді бақылап.
Бота көзің күлімдейтін,
Ерке назың желіктіріп.
Ақ тамағың дірілдейтін,
Нәзік үнің еліктіріп.
Алау демің қарыған соң,
Балдай ернің еріп тұр.
Жүрекке от дарыған соң,
Сүюші едім өліп тұрып.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері