Айырылмастай серт беріп ек

Бұл бетте «Айырылмастай серт беріп ек» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Айырылмастай серт беріп ек,
Салқындық бар арамызда.
Қодары жоқ бұл заман да,
Түсініспей барамыз ба?
Жатахана терезесін,
Жүрмін тағы күзетіп.
Айлы түнде ақымақ боп,
Аяғымнан сыз өтіп.
Пәк жаныңды жаралаппын,
Жүрегіңнен дерт көрем,
Жанарыңа жас тұндырған,
Мен өзімді жек көрем.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері