Ұнағың келді о баста

Бұл бетте «Ұнағың келді о баста» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ұнағың келді о баста,
Айлаңды бірден асырдың.
Жүрекке терең үңіліп,
Ішіне шоқты жасырдың.
Көзіңнен көрдім сол шоқты,
Күлкіңмен соны үрледің.
Тостың да ыстық ерніңді,
Сезімді билеп күрмедің.
Өртедің мені бір демде,
Өзім де дәмін қаладым.
Дүрсілдеп кетті жүрегің,
Дүрсілін соққан санадым.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері