Үлбіреген ақ жүзіңе

Бұл бетте «Үлбіреген ақ жүзіңе» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Үлбіреген ақ жүзіңе,
Қызыл алау жүгірген.
Алатаудан ай аунап,
Саябаққа үңілген.
Оңашада сырласқан,
Тауып алып біздерді.
Жапырақтар мұңдасқан,
Алматыға күз келді.
Сүзілген ай жымиды,
Көргендей бір ғажапты.
Иығыма тығылдың,
Байқағандай мазақты.
Қарағайды ықтаған,
Ақ қайыңдай бұралып.
Құшағымда қымсынып,
Тұрдың қалқам, ұялып.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері