Есімде жаным, есімде

Бұл бетте «Есімде жаным, есімде» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Есімде жаным, есімде,
Жеткізгем алғаш хатымды.
Болмысың тұнып жүректе,
«Қалқа» деп жазғам атыңды.
Сүреңсіз күндер өтуде,
Үмітсіз елес алдаған.
Жабырқау жыным күтуде,
Бір сезім бізді жалғаған.
Әлімде келмес емдеуге,
Жүремін үнсіз самарқау.
Сөнбейді бірақ кеудемде,
Өзің деп соққан жанартау.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері