Жүректе жылу бермеді

Бұл бетте «Жүректе жылу бермеді» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жүректе жылу бермеді,
Жанбай-ақ қойды пендеге.
Жоғалтқан жырым сен бе едің,
Өшірем оны мен неге?
Әлде сен, мені жек көріп,
Жанымды жұмбақ түсінбей.
Өзімшіл ойдан арылмай,
Кеттің бе қалқам кешірмей.
Айтқан бір сөзден айнымай,
Иілмей жаным жүрмісің.
Күрмеуге мұрсат бермедің,
Тәкаппар шыңдай өрмісің.
Өр едің жаным, өр едің,
Сенбеске себеп қалмаған.
Тағдырдың сый сол болса,
Сараңдау болды ол маған.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері