Бота көзің ұясына батқанда

Бұл бетте «Бота көзің ұясына батқанда» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бота көзің ұясына батқанда,
Күннің нұрын кірпіктерің жапқанда.
Ғажайып мұң махаббаттың әлемі,
Сиқырымен жұмағына тартқанда.
Жүрегім де тек өзіңді қалайды,
Әлемдегі ең асылға балайды.
Қос жанарым бір өзіңе телміріп,
Тек өзіңе елжіреумен қарайды.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері