Өмірдің өзі сын болар

Бұл бетте «Өмірдің өзі сын болар» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өмірдің өзі сын болар,
Естелік болсын сәулешім.
Қуансаң күліп есіңе ал,
Бақытты күндер әуресін.
Қайыңды тербеп жел тұрса,
Көңілсіз күздің лебімен.
Мұңайып үнсіз есіңе ал,
Бір жүрген жерді менімен.
Долданып ағар өр өзен,
Тасқынмен қалай теңесем,
Алаңсыз жүрген жанымды,
Толқытып кеттің неге сен?
Өзің деп қаным тасыған,
Өзен боп мен де асығам.
Арнама сыймай арындап,
Екпінім әрең басылған.
Бір дәурен өтті басымнан,
Еріксіз кеттім қасыңнан.
Күндерді сол бір сағынып,
Сол күнге ылғи асығам.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері