Мына көктем толқытады жанымды
Бұл бетте «Мына көктем толқытады жанымды» атты Дәркен Танабаев жазған табиғат туралы өлең берілген.
Мына көктем толқытады жанымды,
Кеудемдегі маздатады жалынды.
Ақ нөсерде сабалайды аямай,
Өкпек желде қайнатады қанымды.
Қарындасым, ойнамаңыз отпенен,
Өртеп өтем тұла бойым шоқ денем.
Ал өртенген отты ғана аңсайды,
Жадау жанға жан беретін от дер ем.
Жанып-жанып басылғандай алауым,
Еңсем түсіп жығылады жалауым.
Кейде солай мұзға айналам сұрланып,
Мұздың қалқам табар ма едің қалауын.
Бақыт шіркін ара жігін салған ба,
Бір өзіңді сүйіп өтем жалғанда.
Қол балаң боп жүгіремін елпілдеп,
Иең болып шыға келсем таңданба.
Бұл өмірде қара жаяу емес ем,
Тәңір бұған тіл беріпті деме сен.
Сезіммен кел ақ ниетті арайлым,
Жүрекпен кел, келмей-ақ қой сенбесең.
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі