Ақылыменен азаптап

Бұл бетте «Ақылыменен азаптап» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ақылыменен азаптап,
Жүрегіменен сыйлайды.
Әзіліменен мазақтап,
Қылығыменен қинайды.
Айтқаныңды «жөн» -дейді,
Ойыңа бірақ көнбейді.
Аймалап күндей өппейді,
Қасыңнан тағы кетпейді.
Тұла бойы балқыған,
Жұмақты сәулем қимайды.
Талықсып көкке шалқыған,
Еріксіз есін жинайды.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері