Ғажайып сезім сыйладың

Бұл бетте «Ғажайып сезім сыйладың» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ғажайып сезім сыйладың,
Жаныма әсем жан кіріп.
Есімді содан жимадым,
Болсыншы солай мәңгілік.
Бақыттан басым айналды,
Жұпарың естен тандырып.
Жүрегім енді жайланды,
Болсыншы солай мәңгілік.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері