Іздеп едім қалқамды

Бұл бетте «Іздеп едім қалқамды» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Іздеп едім қалқамды,
Айдын көлден өтіп ем.
Аққу көрдім қалқыған,
Күміс көлдің бетімен.
Іздеп едім қалқамды,
Қауыз ашқан гүлдерден.
Раушан гүлін таныдым,
Бүршік атып үлгерген.
Іздеп едім қалқамды,
Үйірінен бөкеннің.
Бір көргеннен таныдым,
Үркек лақ екенін.
Сұлулығын қалқамның,
Сол күйінде сақтайын.
Қалың орман ішінде,
Нәзік өскен ақ қайың.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері