Тағдырдың жолы таралған

Бұл бетте «Тағдырдың жолы таралған» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тағдырдың жолы таралған,
Ұмыту оны мүмкін бе.
Өткенге үнсіз оралам,
Жетпеген сыр бар бұл күнге.
Қызықты күндер қимаған,
Еске алып соны жұбанам.
Көзіңе күлкі сыйлаған,
Сәттерім үшін қуанам.
Сызданған күндер аз бе еді?!
Себебін іздеп үңілем.
Жарақат салған жаныңа,
Сәттерім үшін түңілем.
Бақытты күндер қуаныш,
Өкініш қалды қаншама.
Жақсылығымды жұбаныш,
Жамандығымды ар сана.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері